Басты жаңалық
Бесқарағайдағы спорт кешенінде 380 бала жаттығады

Бесқарағайдағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені ауыл тұрғындарының спортпен жүйелі айналысуына жағдай жасап отыр. Кешен базасында балалар мен жасөспірімдерге арналған бірнеше спорт секциясы жұмыс істейді.
Қазіргі таңда кешенде 39 қызметкер жұмыс істейді. Жаттықтырушылар, техникалық және медициналық мамандар спортшыларға қажетті жағдай жасап отыр.
Кешенде еркін күрес, қазақша күрес, волейбол, футбол және жеңіл атлетика үйірмелері бар. Онда 380 бала спортпен шұғылданады.



