Басты жаңалық

Ер есімі – ел есінде

Бір минуттық үнсіздік — бір ғасырға татитын құрмет. Семейде интернационалист-жауынгерлерді еске алу рәсімі өтіп, ерлікке тағзым жасалды.

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 81 жылдығына орай қалада ауған соғысына қатысқан сарбаздарға арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Тағзым шарасы майдан даласынан оралмаған жауынгерлердің рухына арналды.

Салтанатты жиынға интернационалист ардагерлер, әскери қызметшілер, облыстық және қалалық әкімдік өкілдері, сондай-ақ «Жас ұлан» ерлер лицейінің оқушылары қатысты. Жиналғандар ескерткіш алдына гүл қойып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Бұл сәт — тек рәсім емес, тарихпен тілдесу іспетті. Ерлік пен жанқиярлықтың символына айналған жауынгерлердің есімі ұрпақ жадында сақталатыны тағы бір мәрте айқындалды.

Қаруластары мен туған-туыстары да ескерткішке келіп, өз құрметін білдірді. Қарапайым қала тұрғындары да сырт қалмай, батырларға тағзым етті.

Ерлік — уақытпен өлшенбейді. Ер есімі — ел есінде!

Басқа жаңалықтар

Back to top button