Хабарландыру

Аңызға айналған махаббат мекенінде марафон өтеді

Абай облысының Аягөз ауданында тарихи мұра мен спортты ұштастырған ерекше шара ұйымдастырылмақ. 2026 жылдың 11 шілдесінде Тарлаулы ауылы маңындағы Қозы Көрпеш – Баян сұлу кесенесінің жанында жүгіруден марафон өтеді.

Махаббат пен адалдықтың символына айналған қос ғашықтың кесенесі орналасқан киелі мекен бұл күні спорт сүйер қауымның басын қоспақ. Жарыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және тарихи-мәдени мұраны кеңінен дәріптеу.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафонға кәсіби спортшылармен қатар жүгіруге қызығатын әуесқойлар да қатыса алады. Қатысушылар үшін 1, 2, 3, 4 және 5 шақырымдық қашықтықтар қарастырылған.

Тарихи орындарда өткізілетін мұндай шаралар жастардың туған жер тарихына деген қызығушылығын арттырып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға мүмкіндік береді. Ұлы даланың төсінде, ғасырлар қойнауынан сыр шертетін ескерткіш жанында жүгіру қатысушыларға ерекше әсер сыйлайтыны сөзсіз.

Ауқымды спорттық шараның өткізілуіне KAZ Minerals тобы қолдау көрсетуде. Компания өңірдегі әлеуметтік, мәдени және спорттық бастамаларға тұрақты түрде атсалысып келеді. Мұндай жобалар жергілікті қауымдастықтың дамуына серпін беріп, бұқаралық спорттың өркендеуіне ықпал етеді.

Жарыс 2026 жылғы 11 шілдеде сағат 09:00-де басталады. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Қосымша ақпарат пен тіркелу тәртібі туралы мәліметті elsport_kz Instagram парақшасынан алуға болады.

Тарих пен спорт тоғысқан бұл марафон өңір өміріндегі маңызды оқиғалардың біріне айналмақ. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларды жарысқа шақырып, сәттілік тілейді. Көк туымыз биікте желбіреп, ұлттық рухымыз асқақтай берсін!

Басқа жаңалықтар

Back to top button