Басты жаңалық

Вальс королінің есімі арналған марапат

Елімізде жаңа мемлекеттік марапаттар пайда болды

Қазақстанда мемлекеттік наградалар тізімі жаңа мәртебелі марапаттармен толықты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен еліміздің марапаттау жүйесіне қазақ вальсінің королі, аңызға айналған композитор Шәмші Қалдаяқов атындағы медаль мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағы ресми түрде енгізілді.

Бұл қуанышты жаңалықты Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлап, жаңа Конституция аясында мәдениет пен өнерді жан-жақты қолдау мемлекеттің басты міндеттерінің бірі ретінде бекітілгенін атап өтті.

Ұлттық бірегейлігіміз бен рухани тамырымыздың темірқазығы саналатын мәдениет саласына мұндай айрықша көңіл бөлінуі — қазақ өнеріне деген жоғары құрметтің айқын көрінісі. Музыка мен бейнелеу өнері қай кезде де халықтың ішкі жан дүниесін, тарихы мен болмысын бейнелейтін асыл қазына болып қала береді. Осы орайда тағайындалған бұл мәртебелі марапаттар отандық өнерді өрге сүйреп, ұлттық мұрамызды байытуға маңдай терін төгіп жүрген дарынды азаматтардың еңбегін елеп-ескеруге арналған. Қазақ әнінің әуезді үнін әлемге танытқан композитордың атындағы жаңа медаль мен қылқалам шеберлерінің мар мәртебесін көтеретін құрметті атақ отандық шығармашылық қауымға үлкен серпін беріп, жаңа бастамаларға жол ашатыны сөзсіз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button