Басты жаңалықХабарландыру
Қазақстан мен Сербия қару-жарақ пен әскери техниканы бірлесіп сынамақ

⚡️Қазақстан мен Сербия қару-жарақ пен әскери техниканы бірлесіп сынамақ
Қазақстан мен Сербия арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасы Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданды.
Келісім қару-жарақ пен әскери техниканы өзара жеткізу, жөндеу және қызмет көрсету, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары, технология трансфері және әскери техниканы бірлесіп сынауды көздейді.
Құжатты іске асыру үшін екі ел бірлескен жұмыс тобын құрады.



