Аймақ тынысы
Семейде Қала күніне арналған гала-концерт басталуда

Қарағайлы шағынауданындағы Республика алаңында «Семейді сүю – тарихқа бас ию!» тақырыбындағы мерекелік апталықты қорытындылайтын ауқымды Open Air гала-концерті басталуда.
Бүгін сахнада отандық және шетелдік эстрада жұлдыздары өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарына жарқын көңіл күй сыйлайды. Мерекелік кеш отшашумен аяқталады.
Гала-концерттің тікелей көрсетілімін Арбат аумағында және Мұхтар Әуезов алаңында тамашалауға болады.
Сүйікті қаламыздың мерекесін бірге тойлайық!



