СпортТуризм
Тренд

Ыстанбұл 2027 жылғы Испания Суперкубогын қабылдайды

2027 жылдың 2-6 ақпаны аралығында Ыстанбұлда алғаш рет Испания Суперкубогы (Supercopa de España) өтеді. Ресми келісімшартқа 2026 жылдың 17 қыркүйегінде қол қойылды.

Бұл беделді турнирде Испанияның 4 гранды — Реал Мадрид, Барселона, Атлетико Мадрид және Реал Сосьедад кубокқа таласады. Жартылай финалдар 2 және 3 ақпанда «Шүкрү Сараджоғлу» мен «Бешикташ» стадиондарында өтсе, финалдық кездесу 6 ақпанда RAMS Park аренасында ұйымдастырылады.

Ыстанбұл бұған дейін де УЕФА Чемпиондар лигасының (2005 және 2023 жылдары) және УЕФА Европа лигасының (2026 жылы) финалдарын жоғары деңгейде өткізген. Испанияның топ-клубтарын қабылдау қаланың спорттық беделін одан әрі арттырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button