Туризм
Тренд
Түркиядағы баяу қалалар саны жиырма тоғызға жетті: Ортахисардың жеңісі
Түркияның туризм саласындағы кезекті жетістігі – Ортахисардың халықаралық Cittaslow желісіне рекордтық ұпаймен қабылдануы болды. Түрік еліндегі «баяу қалалар» саны жалпы 29-ға жетті.

Cittaslow философиясы – жергілікті ресурстарды ұтымды пайдалану, экологияны қорғау және тарихи мұраны болашақ ұрпаққа бұзбай жеткізуді көздейтін жаһандық қозғалыс.
Ортахисардың тарихи келбеті, әсіресе оның жартасқа қашалған көпқабатты үйлері мен табиғи сақтау орындары сарапшылар тарапынан жоғары бағаланды. Аталған мекен Forbes журналының 2025 жылғы рейтингінде әлемдегі ең әдемі 50 ауылдың қатарына енуі де тегін емес.

Қазіргі уақытта Түркияның 7 аймағын түгел қамтитын бұл желі Ахлаттан Изникке, Сафранболудан Ортахисарға дейінгі аралықты біріктіріп, елдің туристік тартымдылығын арттырып отыр.



