Ақсуат ауданында әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны сақталуда

Абай облысы Ақсуат ауданында биылғы жылдың негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады. Аудан экономикасының негізгі тірегі — ауыл шаруашылығы. Мал басы көбейіп, асыл тұқымды шаруашылықтар саны артып келеді, техника паркі жаңаруда.
Сонымен қатар ауданда инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Балық шаруашылығы, тамшылатып суару, мал бордақылау және этнотуризм бағытында жаңа кәсіпорындар ашылуда. Бұл тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Инфрақұрылымды жақсарту бағытында ауылдардың ішкі жолдары жөнделіп, жаяу жүргіншілер жолдары мен жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Ауыз су, интернет және байланыс сапасын арттыру бойынша кезең-кезеңімен жұмыстар атқарылуда.
Әлеуметтік сала — басты назарда. Білім беру мекемелері жөндеуден өтіп, жаңа балалар лагерінің құрылысы басталды. Ауылдарда жаңа медициналық пункттер мен амбулаториялар ашылып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызметтің сапасы жақсаруда. Мәдениет үйлері мен спорт нысандары жаңартылуда.



