Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кеңесін өткізді

✔️Мемлекет басшысы Аппараттың жаңа мәртебесін мемлекеттік институттарды реформалау үдерісімен сабақтастыра қарастыру қажет екенін атап өтті.
✔️Әлемдік ахуал құбылып тұрған кезеңде Қауіпсіздік Кеңесі аса маңызды мәселелер бойынша нақты әрі жан-жақты сараланған шешімдер қабылдайтын орталыққа айналуға тиіс.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі сын-қатерлердің сипаты едәуір өзгергеніне назар аударды. Осы орайда киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жасанды интеллектіні қолдануға баса мән берілді.
✔️Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы алдағы уақытта өзектілігі арта түсетін ақпарат, технология, азық-түлік, су және энергетика қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше тоқталды.
✔️Президент аталған салалардағы басымдықтарды белгілеп, «Заң мен тәртіп» қағидатын негізгі бағдар ретінде атады.
✔️Кеңес қорытындысы бойынша Аппаратқа бірқатар нақты міндеттер жүктелді.



