Басты жаңалық
Жастар адал болашақ үшін бас қосты
Абай облысында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Адал білім – адал ұрпақ» форумы өтті.
Форумның мақсаты – жастар арасында адалдықты, заңға құрметті және жауапкершілікті нығайту.
Ашылуда Ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Жұмаділов сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда білім мен тәрбие маңызды рөл атқаратынын айтты.
Қазір аймақта 286 мектепте «Адал Ұрпақ» ұйымы мен 30 студенттік клуб жұмыс істейді. Олар жасөспірімдер мен жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.



