Басты жаңалық
Көкпекті ауданының жаңа әкімі таныстырылды

Абай облысының әкімі Берік Уәли Көкпекті ауданының активіне жаңа әкімді таныстырды.
2025 жылғы 26 желтоқсаннан бастап Нұрбек Тұрсынқанұлы Қошқарбаев Көкпекті ауданының әкімі қызметіне кірісті. Ол 21 желтоқсанда өткен тікелей сайлауда 70,8 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен.
Жиын барысында аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ерасыл Оразханов жаңа әкімге куәлік табыстады.
Облыс әкімі Көкпектінің әлеуеті жоғары аудан екенін атап өтті. Жаңа әкімнің туған жерінің дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.

Нұрбек Қошқарбаев – Көкпекті ауданының тумасы. Бұған дейін Семей қаласы мен Курчатов қаласында, сонымен қатар Бесқарағай ауданының әкімі қызметінде жұмыс істеген.



