Басты жаңалық
Ата заңның кіріспесі қайта жазылады

Қазақстан Конституциясының кіріспе бөлігі Преамбула толық жаңартылады. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты.
Жаңа нұсқа ұлттық құндылықтар мен бүгінгі заман талаптарына сай дайындалады. Онда мемлекеттің басты мақсаты, қоғам үшін маңызды қағидаттар мен құндылықтар көрсетіледі.
Құжатта Қазақстан демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені тағы да нақтыланады. Ең жоғары құндылық адам және оның құқықтары деп белгіленеді.
Сонымен қатар елдің егемендігі, аумақтық тұтастығы және билікті бөлу қағидаттары жаңаша жазылады. Қоғамдық ұйымдардың мемлекетпен байланысын реттейтін ережелер де өзгереді.
Мемлекет пен дінге қатысты нормалар жетілдіріледі. Қазір жоба соңғы пысықтаудан өтіп жатыр.



