Басты жаңалық

Президент волонтерлік қызметті цифрландыруды ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйлеп, еріктілер қызметінде заманауи технологияларды кеңінен қолданудың маңызын атап өтті.

Президенттің айтуынша, Қазақстан алдағы үш жыл ішінде толық цифрлы елге айналуы тиіс. Осы бағытта еліміздің барлық саласында, соның ішінде жасанды интеллектіні енгізу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

«Еріктілер қозғалысы да бұл үдерістен шет қалмауы керек. Сондықтан волонтерлердің цифрлық паспортын жасау туралы ұсынысты толық қолдаймын», – деді Мемлекет басшысы.

Форум барысында еліміздегі волонтерлер саны 300 мыңға жеткені айтылды. Аталған шараға Абай облысынан 20 волонтер қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button