Басты жаңалықДенсаулық

Ауыл медицинасында кадр тапшылығы байқалады

Абай облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Тимур Мұратов БАҚ өкілдерімен кездесуде ауылдық медицинадағы негізгі мәселелерді атап өтті.

Кездесу барысында Abay Life редакциясының өкілі Балжан Ерланқызы өңірдегі медицина туралы бірнеше маңызды сұрақ қойып, маман тапшылығы мәселесін көтерді. Министрдің айтуынша, заманауи медициналық техникалар бар болса да, оларды толық пайдалана алатын мамандар жеткіліксіз. Жас дәрігерлерге 8,5 миллион теңге көлемінде қосымша көтерме төлем қарастырылған, алайда ұзақ мерзімді шешім үшін тұрақты инфрақұрылым мен жүйелі қолдау қажет екенін атап өтті.

Сонымен қатар, республика мен облыс бойынша денсаулық көрсеткіштері, өмір сүру ұзақтығы өскенін,өлім-жітім деңгейінің төмендегенін де баяндады. Қазір облыста МСАК жүйесі жаңартылып, скринингтік бағдарламалар, онкоскрининг және инсульттің алдын алу шаралары қолжетімді екені айтылды.

МӘМС жүйесіндегі өзгерістер аясында облыста өңірлік штаб құрылып, халықтың басым бөлігі  сақтандырылған.

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңарту мен кадр саясатын күшейту арқылы сапалы медициналық қызмет көрсету жұмысы жалғасуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button