Басты жаңалық
Семейде OSB плита зауыты салынуда

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласында салынып жатқан OSB плиталары мен фанера өндіретін жаңа зауыттың дайындығымен танысты. «Шығыс ШПЗ» ЖШС базасында жүзеге асырылып жатқан жобаның құны – 2 миллиард теңге.
Қазір зауытта жабдықтарды іске қосу және тексеру жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорын жыл соңына дейін іске қосылып, 20-ға жуық өнім түрін шығара бастайды. Іске қосылған соң 70–80 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
Сонымен қатар, кәсіпорын шетелдік инвесторлармен бірлесіп 700 шаршы метр аумақта ламинация цехын кеңейту жобасын қолға алған.
Аймақ басшысы Берік Уәли заманауи өндіріс орындарының ашылуы өңір экономикасының дамуына зор үлес қосатынын атап өтті.



