Водный кентінде жаңа спорт кешені ашылды

Водный кентінде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені салтанатты түрде ашылып, ел игілігіне берілді.

Кешен құрылысы 2025 жылдың мамыр айында басталып, 2026 жылдың ақпанында толық аяқталды.
Екі қабатты ғимараттың жалпы аумағы 3400 шаршы метрді құрайды. Бірінші қабатта ойын залы орналасқан. Мұнда волейбол, баскетбол және футзал ойындарын өткізуге мүмкіндік бар. Ал екінші қабатта күрес залы жабдықталған. Бұл жерде қазақ күресі, еркін күрес және грек-рим күресі бойынша жаттығулар өтеді.

Заманауи талапқа сай салынған кешен жыл бойы спортпен шұғылдануға жағдай жасайды. Нысан балалар мен жасөспірімдерді спортқа тартуға, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Салтанатты шара барысында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі жаңа кешен өңір жастарының спортқа қызығушылығын арттыруға және тұрғындардың денсаулығын нығайтуға қызмет ететінін атап өтті.



