Басты жаңалық

Зейнетақыға қосымша жарна аударылады

Қазақстанда жұмыс берушілердің зейнетақы жүйесіндегі жауапкершілігі артып келеді. Енді жұмыс берушілер 1975 жылы және одан кейін туған қызметкерлер үшін міндетті зейнетақы жарнасын өз қаражаты есебінен аударады.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы 2024 жылдан бастап 1,5% мөлшерлемемен енгізілді. Алдағы жылдары бұл көрсеткіш кезең-кезеңімен ұлғаяды.

Атап айтқанда, 2026 жылы жарна көлемі қызметкер табысының 3,5%-ын құраса, 2028 жылға қарай 5%-ға дейін жетеді.

Мамандардың айтуынша, бұл өзгеріс ынтымақты зейнетақы үлесінің біртіндеп азаюына байланысты енгізіліп отыр. Жаңа тетік азаматтардың жоғалған табысын өтеуге, зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыруға және мемлекет, жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы жауапкершілікті тең бөлуге бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button