Басты жаңалық

Жол жабылды

Қолайсыз ауа райына байланысты 26 желтоқсан күні Абай облысында автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Сағат 12:00-ден бастап облыстық маңызы бар жолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылды (жол қызметінің арнайы техникасынан басқа):

  • Шар – Ауэзов, 0–42 км
  • М-38 Омбы – Майқапшағай – Малая Қарасу – Асқарлы, 0–58 км
  • Ауэзов – Бұрсақ, 0–24 км
  • Семей – Қарауыл, 0–178 км

Сағат 11:00-ден бастап республикалық маңызы бар автожолда қозғалыс жабылды:

  • KAZ07 «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсанды айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы (Үрлютөбе б/ө)»,
    756–906 км (Семей – Қалбатау)

Сағат 10:00-ден бастап облыстық маңызы бар тағы бір жол учаскесінде қозғалыс тоқтатылды:

  • А-11 «Семей – РФ шекарасы»,
    Воскресеновка – Петропавловка – Дмитриевка, 0–64 км

Мамандар жүргізушілерді алыс жолға шықпауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне хабарласу қажет.

Басқа жаңалықтар

Back to top button