Басты жаңалық

Инклюзивті қоғам: ерекше балаларға тең мүмкіндік

Семейде «Дамуында ерекшелігі бар балалардың ата-аналары» қоғамдық бірлестігі ерекше қажеттілігі бар балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға құқықтық және әлеуметтік бағытта көмек көрсетіп келеді. Ұйым білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес береді.

2022 жылы құрылған бірлестік осы уақыт ішінде бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асырды. Соның нәтижесінде Ядролық медицина орталығында балаларға арналған МРТ кабинеті ашылып, қоғамдық көлікте ерекше балаларды алып жүретін ата-аналарға тегін жол жүру мүмкіндігі берілді. Сонымен қатар Семейде ерте жастағы балаларға көмек көрсететін «Қамқорлық» орталығы іске қосылып, ерекше балаларға арналған бассейн жобасы жүзеге асырылды.

Жуырда қоғамдық бірлестік INVIVO медициналық зертханасымен келісімге қол қойды. Енді ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар зертханалық қызметтерге 40 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған. Жеңілдік ерекше балаларға, олардың ата-аналары мен туған бауырларына беріледі.

Бірлестік алдағы уақытта да ата-аналарға қолдау көрсетіп, балалардың қоғамға бейімделуіне жағдай жасау жұмыстарын жалғастырады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button