Құрылтай жүйесі жаңарады

Қазақстан Конституциясына жаңа өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтты.
Парламенттің жұмыс тәртібі мен өкілеттіктері қайта қаралады. Президентке қатысты нормалар да жаңартылады. Президент сайлауы, ант беру рәсімі және Мемлекет басшысының басқа органдармен байланысы нақтыланады. Вице-президенттің мәртебесі бекітіледі.
Бір палаталы Парламентке көшуге байланысты Құрылтай бөлімі жаңарады. Екі палаталы жүйеге қатысты нормалар алынып тасталады. Заң қабылдау тәртібі жеңілдетіледі.
Қазақстан Халық Кеңесі жеке бөлімге енгізіледі. Ол халықтың мүддесін білдіріп, заң ұсыну құқығына ие болады.
Конституциялық соттың мәртебесі күшейтіледі. Ол Конституцияның орындалуын қадағалайтын тәуелсіз орган болады. Жоба қазір соңғы талқылау кезеңінде.


