Басты жаңалық

Татар қоғамдық орталығына 35 жыл

Семей қаласында Татар қоғамдық орталығының 35 жылдық мерейтойына орай мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары аймақ басшысы атынан құттықтау сөз сөйлеп, өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуына үлес қосқан бірқатар азаматты «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Шара барысында Дүниежүзілік татарлар конгресі атқару комитетінің төрағасы Данис Шакиров Абай облысы әкімдігіне өз алғысын білдірді. Қазақ пен татар халықы арасындағы достық, мәдени байланыс алдағы уақытта да нығая беретініне сенімді екенін атап өтті.

Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасты. Онда Татарстан Республикасынан арнайы келген өнерпаздар мен жергілікті әртістер сахна төрінде өнер көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button