Президент сұхбатындағы міндеттер өңірде іске асырылуда

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Түркістан газеті» басылымына берген сұхбатында көтерілген басым бағыттарды жүзеге асыру мәселесі бойынша облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен арнайы кеңес өтті.
Аймақ басшысы Президент тапсырмаларын орындау үшін орталық пен өңір байланысын күшейтуді, инфрақұрылымдық жобаларды жандандыруды, цифрландыруды, сонымен қатар туризм, ауыл шаруашылығы, көлік, денсаулық сақтау және әлеуметтік салалар бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
Кеңесте өңірдегі ірі жобалар аталып өтті. Соның бірі — құны 577,5 млрд теңге болатын, ұзындығы 297,5 шақырым «Аягөз – Бақты» теміржол желісінің құрылысы.
«Абайға құрмет» акциясы аясында еліміздің 15 өңірі облыс аумағында әлеуметтік-мәдени нысандар салуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда жобалық жұмыстар жүргізілуде.
Облыс әкімі халық нақты нәтиже күтетінін атап өтіп, барлық тапсырманың орындалуы бақылауда болатынын жеткізді.


