Басты жаңалық

ҮЕҰ – халық пен билік арасындағы көпір

Абай облысында Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне орай «Азаматтық қоғам және жаңа Конституция жобасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған өңірдегі қоғамдық ұйым өкілдері қатысып, еркін пікір алмасты.


Кездесу барысында қатысушылар жаңа Конституция жобасына қатысты ойларын айтып, ұсыныстарын ортаға салды. Әсіресе азаматтық қоғамды дамыту, халықтың құқығын қорғау мәселелері сөз болды.


Жиында бірнеше спикер баяндама жасады. Олар әлеуметтік кепілдіктер, еңбек құқықтары және балалар спортын дамыту тақырыптарын қозғады.


Іс-шара соңында белсенді қоғамдық ұйым өкілдері алғыс хаттармен марапатталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button