Басты жаңалық
Водный және Восход кентінде 340 метр тротуар орнатылды

Водный және Восход кентінде Геодезическая, Предгорная мен Семипалатинская көшесінде автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары орындалды. 2025 жылы Водный және Восход кенттерінде 300 млн теңге сомасына 3,2 км жол төселді. Сонымен қатар 292 млн теңге сомасына 30 көшеде (16 км жол) қиыршық тас пен құм-қиыршық тас қоспасын профильдеу және себу жұмыстары орындалды.
Водный және Восход кенттерінде № 52 мектеп пен № 34 мектептің жанында тротуар жолдарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Тротуарлардың жалпы ұзындығы 340 метрден асады.



