Басты жаңалық

Инвестициялар мен инфрақұрылым: Алатау қаласын дамыту мәселесі талқыланды

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес отырысы өтті.

Жиында инвестициялық жобалардың іске асу барысы, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту, құқықтық базаны жетілдіру және сапалы адами капитал қалыптастыру мәселелері қаралды. Қазіргі таңда қалада жалпы құны шамамен 1,8 трлн теңгені құрайтын 44 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып, 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Сондай-ақ энергетика, сумен жабдықтау, газдандыру және жол инфрақұрылымын кезең-кезеңімен дамыту жұмыстары жалғасуда. Кеңес қорытындысында қаланың экожүйесін қалыптастыруға қажетті құқықтық және ұйымдастырушылық шешімдер қабылданып, жобаларды жедел іске асыру үшін Жедел комитет құру туралы шешім қабылданды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button