Абай жастары

Жасанды интеллекті дамытқан жас көшбасшы

Семейлік студент Есенбек Ахмет Қуанышбекұлы бүгінде білім мен технология саласында белсенді еңбек етіп жүрген жас буын. Ол «Шәкәрім университетінің» 3 курс студенті әрі STEM-білім беру жоғары мектебінің кіші деканы ретінде жастар бастамаларын дамытуға үлес қосып келеді. Ахмет Қуанышбекұлы «AI-Sana» ұлттық бағдарламасы аясында әзірленген Shakarim AI-агенттерін жасауға қатысып, жасанды интеллект бағытындағы жобалардың жүзеге асуына атсалысты. Оның қатысуымен жасалған «Shakarim AI Check» жобасы республикалық байқауда үздік жобалардың бірі ретінде танылып, кейін Парламент Мәжілісінде таныстырылды.

Сонымен қатар, ол университет пен қала көлемінде жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған көптеген іс-шаралардың ұйымдастырылуына жетекшілік етіп, қоғамдық және еріктілік жобаларда белсенді.
Ахметтің айтуынша, қазіргі жастар үшін білім мен технологияны қатар меңгеру аса маңызды.

– Бүгінгі таңда жастар тек диплом алып қана қоймай, нақты жобалар жасап, қоғамға пайдасын тигізуі керек. Жасанды интеллект саласы – болашақтың бағыты, сондықтан біз осы бағытта еңбек етіп, ел дамуына үлес қосуға тырысамыз, – дейді ол.

Жаңа идеялар мен заманауи бастамаларды жүзеге асырып жүрген Ахмет Қуанышбекұлы – өңір жастарының мүмкіндігі мен әлеуетін көрсетіп жүрген жас көшбасшылардың бірі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button