Аймақ тынысы
Аягөздік жауынгер мемлекеттік марапатқа ие болды

UAE SWAT Challenge–2026 халықаралық жарысында жоғары нәтиже көрсетіп, ел намысын қорғаған жеңімпаздардың қатарында жерлесіміз Елдос Сартай да бар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оны Ақордада арнайы қабылдап, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапаттады.
Бұл марапат Елдос Сартайдың кәсіби шеберлігі мен табандылығын, ел алдындағы жауапты қызметін көрсетеді.
Аягөздік батырдың халықаралық жарыстағы жеңісі Қазақстанның абыройын көтерді.



