Аймақ тынысы
Курчатовта 22 отбасы баспаналы болды

Курчатов қаласында Школьная көшесі, 2-үйдегі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Осыған орай пәтер кілттері тұрғындарға салтанатты түрде табысталды.

Алғашқы кілттер көпбалалы отбасы мен ардагер тұрғынға табысталып, оларға естелік сыйлық берілді.

Бұл үй 2025 жылы «Кентавр Құрылыс» ЖШС тарапынан жөндеуден өткен. Төрт қабатты ғимаратта барлығы 36 пәтер бар. 8 бір бөлмелі, 16 екі бөлмелі және 12 үш бөлмелі.

Қазір барлық пәтерлер сатып алынып, әлеуметтік осал топтағы кезекте тұрған азаматтарға беру үшін «Отбасы банкке» тапсырылды.



