Хабарландыру
Семейде бірнеше көшеде жарық уақытша өшіріледі

Семей қаласында 2 наурыз күні жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар көшеде электр жарығы уақытша өшіріледі. Бұл туралы «ОЭСК» АҚ мәлім етті.
Электр энергиясын беру 09:00-ден 13:00-ге дейін шектеледі. Жарық келесі көшелерде болмайды: Шугаев, Найманбаев, Аймауытов, Чехов және Засядко.
Энергетиктердің айтуынша, жөндеу жұмыстары электр желілерінің сенімділігін арттыруға бағытталған.
Сонымен қатар, түнгі уақытта – 00:00-ден 05:00-ге дейін – қысқа мерзімді (10–15 минут) жарық үзілістері болуы мүмкін. Бұл жоспарлы жұмыстарға дайындық аясында жүргізілетін жедел ауыстырып-қосу шараларына байланысты.
Тұрғындарға уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, қажетті шараларды алдын ала қабылдау ұсынылады.



