Басты жаңалық
Рулі ауыстырылған көліктерге жаңа шектеу

Елімізде рулі оң жақта болып, кейін ауыстырылған көліктерді такси ретінде пайдалануға тыйым салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты.
Оның айтуынша, мемлекеттік органдар интернет-агрегаторлармен бірге такси қызметін реттейтін жаңа тетіктерді дайындап жатыр.
Ішкі істер және Көлік министрліктері 2023–2027 жылдарға арналған бірлескен Жол картасын бекіткен. Қазірдің өзінде рулі оң жақта орналасқан 70 мыңнан астам көлікке интернет-платформалар арқылы тапсырыс қабылдауға шектеу қойылған.
Жаңа өзгерістер жолаушылар қауіпсіздігін арттыру үшін енгізілмек. Сонымен қатар қалааралық тасымалдауда жүргізушілердің жұмыс және демалыс уақытын бақылау да күшейтіледі.



