Басты жаңалық

Көкпекті ауданында 17 шақырым жол жөнделді

2025 жылы Көкпекті ауданында көлік инфрақұрылымын жақсартуға 1 млрд 63 млн 7 мың теңге бөлінді. Қаражат бірнеше жол жобасын жүзеге асыруға бағытталды.

Атап айтқанда, «Үлкенбөкен – Көкжайық – Үлгілімалшы» автожолының 43–54 шақырым аралығындағы 11 шақырымына орташа жөндеу жүргізуге 747,3 млн теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталды.

Сонымен қатар Толағай ауылына кіреберіс 0–13 шақырым автожолы да орташа жөндеуден өтті. Жобаның жалпы құны 597,1 млн теңгені құрады.

Көкпекті ауылында ұзындығы 5 шақырым болатын бірнеше көшеге орташа жөндеу жүргізілді. Тәуелсіздік, Уәлиханов, Авдеев, Алтынсарин және Абылайхан көшелері жаңартылды.

Жансары, Ақой, Ақтас, Мамай, Көкпекті және Үлкенбөкен ауылдарында жолдарды тегістеу, ағымдағы жөндеу және шұңқырларды жабу жұмыстарына 43,2 млн теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

Бұдан бөлек, кәсіпкер Қанат Сақанның демеушілігімен Көкпекті ауылында Жақия Шайжүнісов атындағы орта мектепке апаратын жолға және Әбішев көшесіне 1 шақырымға жуық асфальт төселді.

Жалпы, 2025 жылы аудан бойынша 17 шақырым жолға асфальт төселді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button