Абай облысында 28 есірткі қылмысы анықталды

Абай облысы Полиция департаменті 2026 жылдың ақпан-наурыз айларындағы есірткіге қарсы күрес жұмысының қорытындысын жариялады.
Жыл басынан бері өңірде 28 есірткі қылмысы және 29 құқық бұзушылық анықталған. Заңсыз айналымнан 51 келі есірткі мен психотроптық заттар тәркіленді. Былтыр бұл көрсеткіш 183 келі болған.
Полицейлер синтетикалық есірткі жеткізетін 2 арнаны жойып, 10 адамды ұстады. Оның ішінде 2 адам синтетикалық зат сақтағаны үшін жауапқа тартылған.
Мамандар синтетикалық есірткі мәселесі әлі де өзекті екенін айтады. Қазір мұндай заттар көбіне интернет арқылы таралады.
Сонымен қатар жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жұмыстары жүргізілуде. Жыл басынан бері мектептерде 37 дәріс өтіп, арнайы бейнероликтер көрсетілген.
«Біз өмірді таңдаймыз, біз есірткіге қарсымыз» ұранымен түрлі акциялар мен спорттық іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Полиция өкілдері жастардың жеңіл ақша үшін заңсыз әрекетке бармауы маңызды екенін атап өтті.
Айта кетейік, 2026–2028 жылдарға арналған есірткіге қарсы кешенді жоспар бекітілген. Қазір бұл бағытта түрлі мекемелер бірлесіп жұмыс істеп жатыр.



