Басты жаңалық

Бородулиха ауданында жыл басынан бергі даму көрсеткіштері таныстырылды

Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бородулиха ауданы әкімінің міндетін атқарушы Талғат Мұратов ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен биыл атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Брифингте 2026 жылдың қаңтар–мамыр айларындағы негізгі көрсеткіштер таныстырылды. Осы кезеңде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, инвестиция тарту және тұрғын үйді пайдалануға беру салаларында өсім байқалғаны айтылды.

– Жылдың алғашқы бес айының қорытындысы аудан экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын көрсетеді. Алдағы уақытта да экономиканы нығайтуға және тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға басымдық береміз, – деді Талғат Мұратов.

Спикердің айтуынша, ауданда агроөнеркәсіп кешенін дамытуға, мемлекеттік бағдарламалар шеңберіндегі жобаларды іске асыруға, жолдарды жөндеуге, елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз етуге, көшелерді жарықтандыруға, абаттандыруға және спорт нысандарын жаңартуға ерекше көңіл бөлініп отыр.

Биыл ауданда жалпы құны 1 млрд 487,3 млн теңге 11 жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл жобалар инженерлік инфрақұрылымды жаңартуға, елді мекендердің келбетін жақсартуға, жол сапасын арттыруға және тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button