Басты жаңалық

Берік Уәли: Семей – облыс дамуының өзегі

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласының тұрғындарымен кездесіп, жыл бойы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

Өңір басшысы Семейдің тарихи әрі рухани маңызын атап өтіп, Мемлекет басшысының Жарлығымен 3,5 жыл бұрын Абай облысының құрылуы тарихи әділеттілікті қалпына келтіргенін айтты. Оның сөзінше, өткен жылдары облыс орталығы ретінде Семейге жеткілікті деңгейде көңіл бөлінбей, қала бірқатар қиындықты бастан өткерген.

Бүгінде Президент пен Үкіметтің қолдауының арқасында өңірде, оның ішінде Семей қаласында әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жанданып келеді. Инфрақұрылым, әлеуметтік сала және қала келбетін жаңғырту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Әкімнің айтуынша, негізгі мақсат – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып, Семейді жайлы әрі қауіпсіз қалаға айналдыру. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button