Басты жаңалық

Шалқар Байбеков: Жаңа Конституция ел болашағына бағытталған

Абай облысы мәслихатының төрағасы Шалқар Байбеков Конституциялық реформа жөніндегі комиссия отырысында сөз сөйлеп, Жаңа Конституция жобасының елдің болашақ дамуы үшін маңызды құжат екенін айтты.


Сонымен қатар білім, мәдениет пен ғылымды дамыту Абай өңірі үшін аса маңызды екенін атап өтті. Бұл өзгерістер жоғары оқу орындарының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және жастардың туған жерінде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.


Жиында экологиялық қауіпсіздік пен халықтың қолайлы ортада өмір сүру құқығын Конституция деңгейінде бекітудің де маңызы зор екені айтылды.

Төраға жаңа Конституция жобасы қоғам талқысынан өтіп, елдің тұрақты дамуына негіз болады деген сенім білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button