Аймақ тынысы

Көкпектіде егін жиналып, мал басы артты

Көкпекті ауданы аграрлы өңір. Ауданда өсімдік шаруашылығы негізінен құрғақ егіншілік жағдайында дамыған. Егіс алқаптарының құрылымында дәнді және бұршақты дақылдар – 43%, күнбағыс – 33%, жемшөп дақылдары – 4,3% үлеске ие.

Жедел мәліметке сәйкес, 2025 жылы 53,3 мың гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақыл толық жиналып, 52,1 мың тонна астық бастырылды. Орташа өнімділік 9,8 центнерді құрады.

Сонымен қатар 41 мың гектар алқаптан 45,1 мың тонна майлы дақыл жиналды. Оның орташа өнімділігі 11 центнер болды.

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі төмен болды. Бұған ауа райының қолайсыздығы әсер етті. Көктем мен жазда күннің қатты ысуы және жауын-шашынның аз болуы топырақтағы ылғалдың төмендеуіне әкелді.

Мал шаруашылығында есепті кезеңде 4 946,8 тонна ет, 29 847,7 тонна сүт және 6 млн 862 мың дана жұмыртқа өндірілді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ауданда 62 718 бас ірі қара, 60 782 қой мен ешкі, 20 901 жылқы, 53 шошқа және 38 374 құс тіркелген.

Эпизоотиялық жағдайды жақсарту үшін 2026–2027 жылдары ауданда ветеринариялық нысандар салу жоспарланып отыр. Биыл Көкпекті ауылында аудандық ветеринариялық станция, Көкжайық пен Биғаш ауылдарында ветеринарлық пункттер салынады. Сонымен қатар бірнеше ауылда мал қорымдары бой көтереді.

Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану жұмыстары да жүргізілуде. 2025 жылы ауданда 18 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Ал 2026 жылы 6,5 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін тексеру жоспарланған. Жыл басынан бері 5,2 мың гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button