Басты жаңалық

Наурыз мерекесіне орай 70%-ға дейін жеңілдік

Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстандағы барлық ірі сауда орындарында 10–70 пайыз аралығында жеңілдіктер ұсынылады.

13–23 наурыз аралығында ел бойынша ауқымды “Nauryz Sale” акциясы өтеді. Акция кезінде жеңілдікпен ұсынылған тауарлар сауда залдарында арнайы мерекелік навигация және “Nauryz” фирмалық безендіруі арқылы белгіленеді.

Атап айтқанда, тақырыптық баға белгілері, брендтелген көрсеткіштер, баннерлер мен басқа да POS-материалдар орналастырылып, сатып алушыларға қажетті тауарларды оңай табуға мүмкіндік беріледі.

Акцияға ішкі сауда саласының шамамен 300 субъектісі қатысады. Оның ішінде 140 сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталығы, 140 сауда желісі және 20 электрондық сауда субъектісі бар.

Қатысушылар қатарында елдегі ірі сауда желілері Magnum, Small, Galmart, «Анвар», «Дина», Toimart, «Астыкжан», «Аян», Greenwich және басқа да дүкендер бар. Сонымен қатар Mega Silk Way, Keruen, Keruen City, «Аружан», «Сарыарка», Shymkent Plaza секілді ірі сауда орталықтары да акцияға қосылады.

Бұл бастама Наурыз мерекесі қарсаңында тұрғындарға тиімді бағамен сауда жасауға мүмкіндік беруді көздейді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button