Басты жаңалық
Облыста баспана мен әлеуметтік нысандар көбейеді

Абай облысында тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың құрылысы жүріп жатыр. Бұл мәселе облыс әкімі Берік Уәли өткізген аппараттық кеңесте қаралды.
Өңірде жаңа тұрғын үйлер салынып, әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтеруде. Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданында несиелік үйлердің құрылысы аяқталуға жақын. Сонымен қатар жаңа көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы басталған.

Қазір облыста мектептерге жапсаржай салу, ауруханаларды жаңарту, спорт кешендері мен мәдениет үйлерін тұрғызу жұмыстары жалғасуда. Абай ауданындағы балалар лагері мен Курчатовтағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені де салынып жатыр.
Кеңесте «Абайға құрмет» акциясы аясындағы жобалар да талқыланды. Облыс әкімі барлық нысанды сапалы әрі уақытында аяқтауды тапсырды.



