Басты жаңалық

Аурухана мен әскери бөлімдерде дауыс беру ұйымдастырылады

Референдум күні ел бойынша арнайы сайлау учаскелері жұмыс істейді. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы хабарлады.

Мәліметке сәйкес, мұндай учаскелер әскери бөлімдерде, ауруханаларда, перзентханаларда және басқа да мекемелерде ұйымдастырылады. Жалпы еліміз бойынша 622 арнайы учаске ашылады.

Әдетте азаматтар дауыс беруге тіркелген мекенжайы бойынша өз сайлау учаскесіне барады. Ал егер дауыс беруші тізімнен өз есімін таппаса, учаске қызметкерлерінен көмек сұрай алады.

Мамандар оның қай учаскеде дауыс беруге тіркелгенін анықтап, қажетті ақпаратты береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button