Басты жаңалық
Артық кофеханаға орын жоқ

Елімізде кәсіп бастайтындарға арналған жаңа AI-көмекші іске қосылады. Бұл туралы министр Жаслан Мәдиев айтты.
Жүйе карта арқылы қай жерде қандай бизнес барын көрсетеді және ең тиімді орынды ұсынады. Клиент саны, бәсеке деңгейі бәрі ескеріледі.
Енді бір көшеде қатар-қатар ашылатын кофеханалар мен дәріханалар азаюы мүмкін.
AI кәсіпкерлердің шығынын азайтып, дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.



