Басты жаңалық
Ипотека арзандай ма?

Қазақстанда 1 шілдеден бастап ипотека алу шарттары өзгеруі мүмкін. Елде ипотекалық қарыздар бойынша шекті сыйақы мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға дейін төмендетіледі.
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк мәлімдеді. Жаңа қаулы 16 мамырдан бастап күшіне енеді.
Ал басқа несие түрлері бойынша мөлшерлемелер бұрынғы деңгейде қалады. Мысалы, кепілсіз банктік қарыздар үшін шекті мөлшерлеме – 46%, кепілмен берілетін қарыздар үшін – 35%.
Сарапшылардың айтуынша, ипотекалық мөлшерлеменің төмендеуі баспана алуға ниетті азаматтар үшін тиімді болуы мүмкін.



