Басты жаңалық

Шаһар басшысы азаматтық таңдауын жасады

Бүгін Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы №83 сайлау учаскесіне барып, Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс берді.

Шара барысында қала басшысы азаматтардың өз таңдауын жасауы ел болашағы үшін маңызды қадам екенін атап өтті. Бүгінде шаһардағы барлық сайлау учаскелерінде тұрғындардың дауыс беруіне қажетті тиісті жағдайлар толықтай жасалған.

Сайлау процесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында учаскелер арнайы құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар тұрғындарды ақпараттандыру және олардың кедергісіз дауыс беруін ұйымдастыру бағытында кешенді шаралар жүзеге асырылуда.

Айта кетейік, Семей қаласы бойынша барлығы 128 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның ішінде 1 аумақтық және 127 учаскелік сайлау комиссиясы бар. Шаһарда дауыс беру құқығына ие сайлаушылардың жалпы саны – 219 181 адам.

Басқа жаңалықтар

Back to top button