Басты жаңалық

Маңғыстаудағы төтенше жағдай: қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетіліп жатыр

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтік комиссияның отырысында  бірінші кезектегі тергеу іс-шараларының нәтижелері және болған оқиғаның барлық себептері мен мән-жайларын анықтау жөніндегі кезекті қадамдар қаралды.

ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтың айтуынша, қаза болу фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 453-бабының 2-бөлігі («ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау») және 465-бабы («кеме жүргізу қағидаларын бұзу») бойынша қылмыстық істер қозғалған.

 

Отырыс барысында қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсету жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, барлық түскен қаражатты бөлудің абсолютті ашықтығын қамтамасыз етіледі.

 

Осы қаражатты шоғырландыру үшін арнайы қор ашылды. Қор қызметін Маңғыстау облысының әкімдігі тұрақты бақылауға алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button