Бішкекте Қазақстан киносы күндері өтіп жатыр

Қырғызстан астанасында Қазақстан киносы күндері өтіп жатыр. Қырғыз көрермені бұл күндері «Qaitadan», «Жабайы» көркем фильмдері мен «Алтын Адам» анимациялық фильмін тамашалайды.
Іс-шараның ашылуында Қазақстанның Қырғызстандағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Асхат Сыздықов пен Қырғызстан Кинематография департаментінің директоры Талантбек Төлөбеков сөз сөйледі. Олар екі елдің мәдени байланысын нығайтуда ортақ жобалардың маңызы айрықша екенін атап өтті.
«Алтын Адам» анимациялық фильмінің режиссерлері Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазы, сондай-ақ «Жабайы» фильмінің авторы Дамир Әбілханов қырғыз көрерменіне өз туындыларын таныстырды.
Қазақстан киносы күндері қырғыз көрермені отандық кинематографиямен танысады. Бұл Қазақстан мен Қырғызстанның кино саласы өкілдері арасындағы кәсіби байланысты кеңейтуге ықпал етеді.
🎞️Дни казахстанского кино проходят в Бишкеке
📌В столице Кыргызстана проходят Дни казахстанского кино. В программу вошли художественные фильмы «Qaitadan» и «Жабайы», а также анимационная картина «Алтын Адам».
На открытии выступили советник-посланник Посольства Республики Казахстан Асхат Сыздыков и директор Департамента кинематографии Кыргызстана Талантбек Толобеков. Они отметили значение совместных проектов для укрепления культурного взаимодействия двух стран.
Свои работы кыргызстанским зрителям представили режиссеры анимационного фильма «Алтын Адам» Турдыбек Майдан и Тилек Толеугазы, а также автор фильма «Жабайы» Дамир Абилханов.
Показы знакомят кыргызстанских зрителей с современным отечественным кино и расширяют профессиональные контакты между представителями киноиндустрии Казахстана и Кыргызстана.



