Басты жаңалық

«Қозы Көрпеш — Баян Сұлу» көпірі апатты жағдайда

Абай облысы Аягөз ауданындағы «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» кесенесіне апаратын көпір апатты жағдайда деп танылды. 2014 жылы 465 млн теңгеге салынған көпір 2024 жылдың көктемгі су тасқыны кезінде зақымданған.

Аймақ басшысы нысанға арнайы барып, көпірдің қазіргі жай-күйімен танысты. Жауапты мекемелерге жобалау және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдету тапсырылды.

Аудан аумағындағы 9 көпірге техникалық тексеріс жүргізу нәтижесінде, Тарлаулы ауылдық округіндегі бұл көпірдің жағдайы ең төмен деп бағаланған.

Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 10 млн теңге бөлінді. Жобалау жұмыстарын «ПРОИНСЕТ» ЖШС 2025 жылдың соңына дейін аяқтауы тиіс.

Басқа жаңалықтар

Back to top button