Басты жаңалық

Тарихи-мәдени мұраны сақтау, ұлттық мәдениетті қолдау – Абай облысының басты басымдығы

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында тарихи-мәдени мұраны сақтау және ұлттық мәдениетті қолдау мемлекет қызметінің негізгі қағидаттарының бірі ретінде бекітілген. Бұл – тек мәдениет саласына қатысты міндет емес, елдің ұлттық бірегейлігін, рухани тұтастығын және болашақ ұрпаққа қалдыратын құндылықтарды сақтаудың конституциялық негізі.

Абай облысы үшін бұл қағидаттың маңызы айрықша зор. Өңір – ұлы Абай Құнанбайұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Мұхтар Әуезовтің туған жері. Қазақ әдебиеті мен ойшылдық мектебінің қалыптасқан, ұлттық руханияттың алтын бесігі саналатын өлке. Сондықтан тарихи-мәдени мұраны сақтау мұнда – жалпыұлттық міндеттің аймақтық көрінісі.

Мемлекет басшысының қолдауымен қолға алынған «Абайға құрмет» акциясы аясында Семей қаласында бірқатар мәдени және спорттық нысан салынып жатыр.

Олардың қатарында шығармашылық орталық, медиа орталық, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, инклюзивті спорт кешені, үстел теннисі орталығы, Жекпе-жек сарайы, Достық үйі бар.

Алдағы жылдары Семейде жаңа театр салу жоспарланған. Бұл өңірдің мәдени өмірін дамытуға, шығармашылық ұжымдардың жұмысына жаңа мүмкіндіктер ашады, тұрғындардың мәдени сұранысын қанағаттандыруға қызмет етеді.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау және ұлттық мәдениетті қолдау – Абай облысы үшін өткенге құрмет, бүгінге жауапкершілік және болашаққа салынған негіз.

Абай мұрасын сақтау арқылы өңір тек өзінің мәдени келбетін ғана емес, бүкіл Қазақстанның рухани бірлігін нығайтып, ұлттық мәдениеттің дамуына үлес қосып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button