Басты жаңалық

Семейліктер сайлауда белсенділік танытуда

Семейде Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау науқаны жоғары азаматтық белсенділік жағдайында өтуде. Шаһар тұрғындары таңсәріден бастап сайлау учаскелеріне келіп, ел болашағы үшін өз таңдауларын жасап жатыр.

Маңызды саяси науқан кезінде қала тұрғындарына максималды түрде қолайлы жағдай жасалған. Тіркелген мекенжайы мен тиісті сайлау учаскесінің нөмірін жедел анықтау үшін арнайы Call-орталық қызмет көрсетуде. Азаматтар қажетті ақпаратты 56-50-42 және 52-21-36 телефон нөмірлері арқылы ала алады.

Сонымен қатар сайлаушылар үшін заманауи цифрлық шешім — @vote_abai_bot Telegram-боты іске қосылған. Аталған сервис арқылы азаматтар сайлаушылар тізіміндегі өз деректерін онлайн режимінде тексеріп, учаске туралы толық мәліметпен таныса алады.

Қазіргі уақытта қаладағы барлық сайлау учаскелері бекітілген регламентке сәйкес штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Дауыс беру процесі заң талаптарына сай, ұйымдасқан түрде өтуде.

Басқа жаңалықтар

Back to top button