Басты жаңалық

Абай облысында ұстаздармен Конституциялық өзгерістер талқыланды

Жалпыұлттық коалицияның Абай облыстық филиалы мүшелері М. Әуезов атындағы педагогикалық колледж ұжымымен кездесу өткізді. Кездесуде Конституцияға енгізілген жаңа өзгерістер түсіндірілді.

Жиында білім саласына қатысты баптарға ерекше назар аударылды. Конституцияға сәйкес, әр азаматтың білім алуға құқығы бар. Орта білім міндетті және мемлекеттік мектептерде тегін беріледі. Ал жоғары білім конкурс арқылы алынады. Мемлекет білім берудің ортақ стандарттарын бекітіп, білім беру жүйесінің зайырлы бағытын сақтайды.

Коалиция өкілдері жаңа өзгерістерде ел бірлігі, ұлтаралық және дінаралық келісім, мемлекеттің тұтастығы сақталатыны айтылғанын жеткізді. Сонымен қатар заң мен тәртіп, әділеттілік және табиғатты қорғау қағидаттарына да мән берілгені атап өтілді. Білім, ғылым, мәдениет және цифрландыру салаларының маңызы да сөз болды.

Кездесу ашық форматта өтіп, ұстаздар өз сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Мамандар бұл өзгерістер білім саласының құқықтық негізін күшейтіп, білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталғанын айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button