Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламалардыорындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кірістердітөмендету және жасыру фактілерін анықтау, сондай-ақ камералдық бақылаунәтижелері бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібіне қатыстытүсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысыныңорынбасары Азамат Мұсабеков атап өткендей, салықтық әкімшілендірудіңмаңызды бағыттарының бірі – салық есептілігінде кірістердің толық әрі дұрыскөрсетілуін қамтамасыз ету.
Ықтимал құқық бұзушылықтар мен алшақтықтарды анықтау мақсатындамемлекеттік кірістер органдары камералдық бақылау жүргізеді. Оныңшеңберінде салық есептілігінде көрсетілген мәліметтер мемлекеттікоргандардың деректерімен және басқа да қолжетімді ақпарат көздеріменсалыстырылады.
Атап айтқанда, тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан жәнеқызметтер көрсетуден түскен кірістерді көрсетпеу, нақты айналым көлемінтөмендету, сондай-ақ ақша қаражатының түсуі мен декларацияланған кірістерарасындағы сәйкессіздіктер жағдайында алшақтықтар анықталуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 137-бабына сәйкес, камералдықбақылау нәтижелері бойынша алшақтықтар анықталған жағдайда салықтөлеушіге тиісті хабарлама жолданады.
Хабарламаны алғаннан кейін салық төлеуші анықталған алшақтықтардымұқият зерделеуі қажет.
Егер салық төлеуші анықталған бұзушылықтармен келіссе, тиісті салықесептілігін ұсыну және (немесе) заңнамада көзделген өзге де әрекеттерді жасауарқылы оларды жоюы тиіс.
Ал анықталған алшақтықтармен келіспеген жағдайда, олардың туындаусебептерін көрсете отырып, түсініктеме ұсынуы және оны растайтынқұжаттарды қоса тіркеуі қажет.
Хабарламаны орындау мерзіміне ерекше назар аудару қажет. Салықзаңнамасына сәйкес, хабарламаны орындау мерзімі оны тапсырған күнненкейінгі күннен бастап есептелетін 30 жұмыс күнін құрайды.
Хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау заңнамада көзделгеншаралардың қолданылуына, оның ішінде банктік шоттар бойынша шығысоперацияларының тоқтатыла тұруына және электрондық шот-фактуралардыжазып беруді тоқтата тұруға әкеп соғуы мүмкін.
Азамат Мұсабеков камералдық бақылаудың басты мақсаты салықтықтексеру жүргізбей-ақ, анықталған алшақтықтарды уақтылы анықтау және салықтөлеушілерге жол берілген бұзушылықтарды өз бетінше жоюға мүмкіндік беру екенін атап өтті.
Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салықтөлеушілерді салықтық міндеттемелерін жауапкершілікпен орындауға, дұрыс әрішынайы салық есептілігін уақтылы ұсынуға және жолданған хабарламалардыңбелгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз етуге шақырады.



